Футбол
1 мин оқу 1,150

Өзбекстан жастарынан жеңілді

<p style="text-align: justify;">Түркияның Анталия қаласында өткен футболдан Antalya Cup 2021 халық&shy;аралық турнирінде бақ сынаған Қазақ&shy;станның жастар құрамасы (U-21) соңғы турда Өзбекстан футболшыларынан жеңіліп қалды.</p>

Өзбекстан жастарынан жеңілді

24-29 наурыз аралығында ұйымдас­тырылған турнирде Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері үш ойын өткізді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Солтүстік Македония жастарын 2:1 есебімен жеңсе, кейінгі матчта болгариялық құрдастарынан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 3:1. Біздің жігіттер жарыстағы соңғы ойынын өздерінен екі жас үлкен Өзбекстанның олимпиадалық құрамасымен (U-23)  өткізіп, 0:2 есебімен ұтылды. Жерлестеріміз екінші голды да екі таймның соңғы минуттарында өткізіп алды.

Енді Қазақстанның U-21 құрамасы жастар арасындағы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындалады. Алғашқы кездесуін маусымның 4-і күні Бельгия құрамасымен өткізеді.

Бөлісу:
Өзбекстан жастарынан жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар