Коронавирус
1 мин оқу 2,480

Елімізде коронавирустан 21 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Елімізде коронавирустан 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 642 адам короновирус инфекциясынан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделсе, оның ішінде 8 327 пациент стационарда жатыр. Ал 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 353 адамның жағдайы ауыр;

• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, 30 наурызда коронавирустан 21 адам қайтыс болған. Оның 17-сінде коронавирус расталса, 4-еуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониядан көз жұмған.

Бөлісу:
Елімізде коронавирустан 21 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар