Аймақтар
1 мин оқу 450

Алматыда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласынан батысқа қарай 494 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 31 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 7 сағат 43 мин 37 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 494 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.2. MPV магнитудасы – 4.5. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы мәлімет түспеген.

Бөлісу:
Алматыда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар