Елбасы кітапханасында ауған суретшісінің көрмесі ашылады

2 сәуірде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының кітапханасында Ауғанстан суретшісі Фаряди Мохаммад Масудтың «Ауған өнерінің сыйы» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрмені «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Елбасы кітапханасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының елшілігі бірлесіп ұйымдастырылды.
Ауған каллиграммасы каллиграфияның ажырамас бөлігі болып табылады. Ол – бейнелеу өнерінің ерекше бағыты, оның ең үлкен дамуы мұсылман мәдениетінде байқалады. Әрбір каллиграмма белгілі бір бейне мен мазмұнды біріктіреді. Суретшінің басты міндеті рухани әлемді бейнелермен байланыстырып, бұл байланысты туынды бетіне түсіруде. Туындылардың терең символикасы каллиграмма авторының идеясын сезінуге мүмкіндік береді.
«Ауған өнерінің сыйы» көрмесінде Фаряди Мохаммад Масудтың көптеген жылдар бойы дайындаған жұмыстары ұсынылады. Суретші кәсіби және шығармашылық өмірін каллиграфия өнеріне арнаған. Автордың жұмыстары Ауғанстандағы, Ирандағы, сондай-ақ Катар мен Кувейт әмірлеріндегі көрмелерде көрсетілген.
Фаряди Мохаммад Масуд 1973 жылы Ауғанстан астанасы Кабулда дүниеге келген. Бала кезінен бастап шебер өз елінде де, шекарадан тыс жерлерде де көптеген марапаттарға ие болды. Суретші Ақпарат және мәдениет министрлігінің, араб елдерінің президенттері мен билеушілерінің дипломдарымен марапатталған.
«Ауған өнерінің сыйы» көрмесі Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасындағы Ауғанстан Ислам Республикасы елшілігі арасындағы ынтымақтастықтың алғашқы іс-шарасы болып табылады. Көрменің Рамазан айы қарсаңында ашылуы бұл оқиғаның мәнін тереңдете түседі.