Аймақтар
1 мин оқу 594

Атырауда 5 жастағы бала 4-ші қабаттан құлады

<p style="text-align: justify;">Бұл оқыс оқиға Атырау қаласында 27 наурызда болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 5 жастағы бала 4-ші қабаттан құлады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-ға жуық бала құлап, жарақат алған.

"Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал, ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда 5 жастағы 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған" деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:
Атырауда 5 жастағы бала 4-ші қабаттан құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар