Аймақтар
1 мин оқу 422

Шымкентте 300 дана дизельді генератор өндіріледі

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының әкімі дизельді генератор өндіретін зауыт жұмысымен танысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС орналасқан. Онда  жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған мекеменің жұмысымен танысты. Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асты. Құны – 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.

1

Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.

Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.

Бөлісу:
Шымкентте 300 дана дизельді генератор өндіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар