Оқиға
1 мин оқу 630

Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды

<p style="text-align: justify;">Елордалық жеті қаламгер Қа&shy;зақстан Жазушылар ода&shy;ғының мүшесі атанды.</p>

Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды

Одақтың басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Нұр-Сұлтан қаласындағы Жазушылар үйін­де Иманғазы Нұрахметұлы, Се­рікзат Дүйсенғазы, Ықылас Ожай, Ұларбек Дәлей, Ербол Бейілхан, Толқын Ақанұлына мүшелік билеттерін тапсырды. Оның ішінде халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Egemen Qazaqstan» газеті Мәдениет бөлімінің меңге­рушісі, ақын Мирас Асан да бар.

Жалпы, қазіргі таңда елордада Жазушылар одағының 140-тан астам мүшесі тіркелген. Міне, олардың қатары жаңа буын­мен толығып отыр. Іс-шара аясында Жазушылар одағының хатшысы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, елор­далық филиал директоры Дәу­леткерей Кәпұлы қалам­гер­лерге шығармашылық табыс тілеп, әдебиетке өміршең туы­н­дылар қосатынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар