Павлодарда мас күйінде жүрген 10 жасөспірім ұсталды
<p style="text-align: justify;">Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында 2021 жылғы 20-30 наурыз аралығында «Көктемгі каникул» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="http://pavlodarnews.kz/">Рavlodarnews.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған кәмелетке толмаған 49 бала анықталған. Барлық ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
- Сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде болған кәмелетке толмаған 10 бала ұсталды. Осы бұзушылық үшін жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мысалы, сағат 23.20-да Теплов көшесінде 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Әңгіме барысында алкогольдің өткір иісі шығып тұрды. Полиция бөліміне жасөспірімнің ата-анасы шақырылып, олардың қатысуымен куәландырылды, - деді Павлодар қаласы ювеналды полициясының аға инспекторы Руслан Сүлейменов.
Мамандардың айтуынша, жасөспірім орташа мас күйінде болған. Анасына қатысты ҚР ӘҚБК 440-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
- Профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде Павлодар қаласының полиция қызметкерлері 69 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Кәмелетке толмаған 7 бала және қолайсыз 16 отбасы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін бақылауға алынды. Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеумен тиісті түрде айналыспайтын заңды өкілдерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 11 ата-ана жауапқа тартылды, - деп атап өтті Руслан Сүлейменов.