Тағайындау
1 мин оқу 3,904

Қызылорда әкімі жаңа қызметке барды

<p style="text-align: justify;">Нұрлыбек Машбекұлы Премьер-Министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;syrboyi.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.

1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы;

1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор;

2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры;

2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры;

2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры;

2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;

2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;

2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі;

2013 жылдың 13 ақпанында Қызылорда қаласы әкімінің қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған.

Бөлісу: