Аймақтар
2 мин оқу 170

Қайырымды істерден қалыс қалған жоқ

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған &laquo;Қайырымды істер марафоны&raquo; жалпыұлттық жобасы Сыр бойындағы еріктілер қозғалысына ерекше серпін беріп отыр. Облыстағы &laquo;Волонтерлер фронт офисі&raquo; жетекшісі Болатбек Айтбенбетов жоба шеңберінде жүзеге асқан шара көп екендігін айтады.</p>

Қайырымды істерден қалыс қалған жоқ

Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған IT парк мамандары былтыр бұзылған компьютерлерді кәдеге жаратып, оқушыларға та­быстаған еді. Жыл басынан бері орталық еріктілері «ҚазГерМұнай» компаниясы ұсынған жарамды компьютерлерді әлеуметтік тұрмысы төмен 10 отбасына таратып берді.

Жақсылыққа жұмылған жастар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында да жұрт ал­­ғысын аларлық жақсы істің басынан табылды. Арнайы ұйым­дас­ты­рылған марафон аясында облыс орталығындағы 700 отбасына, қа­лаға қарасты кент және ауылдық округ­терде тұратын 300 үйге  азық-түлік жеткізіп берді. 

– Жалпы ұйымдастырылып жат­қан қайырымдылық шараларының бәрінде көптің үлесі бар. Жеке адамдардан бөлек түрлі қорлар мен мекемелер де қиналғанға қол ұшын созып, үлгілі үрдіс танытып отырғанын айта кетейік. Мысалы, «Халық» қайы­рымдылық қоры мүмкіндігі шек­теулі балалар тәрбиелеп отырған мың отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті, – дейді Б.Айтбенбетов

Төрт жүзден астам шаңыраққа көмек қолын созған «Зекет» қорына да ризашылық танытқандар көп.

«Қайырымды істер марафоны» аясында жыл басынан бері Жас­тар орталығының ғимаратындағы әлеуметтік дүкен арқылы тұрмысы төмен 33 отбасына азық-түлік, тұр­мысқа қажетті заттар, үй жиhаздары таратылыпты.  Жақсы істерді ұйым­дастыратын жастар назарынан оқыс оқиға салдарынан қиындыққа тап болғандар жағдайы да тыс қалмайды. Биыл жыл басынан бері қала ма­ңа­йындағы саяжайларда өрт болып, аяқ астынан баспанасыз қалғандарға жұрт көмекке жұмылған еді.

Облыстық жастар орталығының бастамасымен еріктілер мен «Ел-Арай» қоғамдық қоры бірлесе отырып, өрттен зардап шеккен Ягодка, Сабалақ саяжайының тұрғындарына тұрмысқа қажетті тауарлар, киім-кешек, компьютер жиынтығы, мен ыдыс-аяқтар табыс етті.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Қайырымды істерден қалыс қалған жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар