Коронавирус
1 мин оқу 350

ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды

<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше елімізге Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді.

4 685 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 675 адам, анықтамасыз 10 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 009 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 59 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 31 наурызда шетелден анықтамасыз келген 29 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар 31 наурызда Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Бөлісу: