Қоғам
1 мин оқу 626

Алматы маңында жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Білім және ғылым министрлігіне қарасты &laquo;Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы&raquo; ММ-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.</p>

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 13 сағат 36 минут 23 секундта жерасты дүмпуін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Қытай аумағындағы Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7, магнитудасы – 4.2. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болды. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар