Спорт
1 мин оқу 180
Париж-Рубе веложарысы қазан айына ауыстырылды
<p style="text-align: justify;">Велоспорттан Париж-Рубе біркүндік жарысы сәуір айынан қазанға ауыстырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Алғашында турнир 11 сәуірге жоспарланған еді. Франция билігінің коронавирус індетіне байланысты енгізген шектеулеріне байланысты велобәйге күзге шегерілді. Әлемдегі ең ежелгі веложарыстардың бірі 2-3 қазан аралығында өтетін болды.
Аталған жарыс 2020 жылы да коронавирусты инфекцияға байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал оған дейін турнир бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген.
Бөлісу: