Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
<p style="text-align: justify;">Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанның бас шаһары –Ташкентте өтеді. Бұл жайында АИБА-ның президенті Умар Кремлев мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осындай маңызды жарыстың Ташкентте өтуі тегін емес. Соңғы кездері айтулы мемлекеттің былғары қолғап шеберлері толағай табыстарға қол жеткізіп жүр. Оның мойындауға тиіспіз. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді олжалаған Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында 6 жүлдені (1 алтын+3 күміс+2 қола) иеленген олар екінші сатыға жайғасты. 2019 жылы Екатеринбургте ұйымдастырылған дүниежүзілік додада 5 рет (3+1+1) жеңіс тұғырына көтерліген «ала тақиялылар» командалық сайыста қайта бірнші орынды еншіледі. Осының барлығын ескерген АИБА басшылығы байрақты бәсекені өткізуді Өзбекстанға сеніп тапсырып отыр.
Ташкентке жұмыс сапарымен жүрген Умар Кремлев: «Мықты боксшылар мен чемпиондар шоғырланған Өзбекстанды 2023 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таныстыратыныма қуаныштымын. Бұл жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Ташкент төрінде тартысты жекпе-жектер өтеді деп сенемін», – деп өз сөзін қорытындылады.