Коронавирус
1 мин оқу 276

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

<p style="text-align: justify;">Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше елімізге Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

3 497 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 463 адам, анықтамасыз 34 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 109 жолаушы, анықтамамен - 2 103, анықтамасыз - 6;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 043 жолаушы, анықтамамен - 1 015, анықтамасыз - 28;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

1 сәуірде анықтамасыз келген 10 Қазақстан азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу: