Қазақстан
2 мин оқу 210

QazVac вакцинасы бірегей құрылғыда өндіріледі

<p style="text-align: justify;">Көптеген елде вакцина бірінші және екінші фазадан кейін ғана пайдалануға беріледі. Қазақстанда вакцинаны терең әрі мұқият зерделеу үшін клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің жартысы қосылды.</p>

QazVac вакцинасы бірегей құрылғыда өндіріледі

«Назардағы басты мәсе­ле, бұл – адамдардың денсау­лығы. Біз Денсаулық сақтау министр­лігімен келісіп, клини­калық зерт­теулердің үшінші кезеңінде вак­цинаның әсерін толығырақ зерт­теу үшін осындай тактиканы қол­дандық. Қазіргі уақытта вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында Білім және ғылым министрлігі сатып алған құрал-жабдықтармен өндіріліп жатыр. Бұл – бірегей құрылғы. Егер мұндай құрылғы қолда болмағанда, біз бүгінгідей тамаша нәтиже көрсете алмас едік», деді Білім және ғылым министр­лігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік пробле­малары ғылыми-зерттеу инс­титу­тының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Қазақстандық ғалымдар отан­дық вакцинаны 2020 жылдың 9 мамырында әзірлегенін айта кеткен жөн. Ол қауіпсіз технология бойын­ша иммуностимулятор қосу ар­қылы өлтірілген вирустан жасалды.

2020 жылдың 17 қыркүйегінде 44 еріктінің қатысуымен кли­никалық зерттеулердің I кезеңі басталды. Вакцина қауіпсіз еке­нін көрсетті. Еріктілердің жағ­дайы қалыпты болды. 17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталды. Оған 200 волонтер қа­тысты. Зерттеу нәтижелері бо­йынша вакцина жоғары иммуно­генділік пен тиімділігін көрсетті.

Былтыр 19 желтоқсанда Ден­саулық сақтау министрлігі кли­никалық сынақтардың қоры­тынды III фазасын жүргізуге рұқсат берді. 3 мың адам ерікті болып, QazVac брендімен QazCovid-in вакцинасы егілді. Вак­­цина еріктілерге арасына 21 күн салып, 2 мәрте егілді. Нә­ти­жесінде, олардың қанында қажет­ті қорғаныс антиденелері пайда болды. Еріктілердің жағ­дайы жақсы, шағымдары бол­ған жоқ. Білім және ғылым министр­лігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы сәуір айы­ның соңында клиникалық зерт­теулердің III фазасының ара­лық нәтижелері белгілі болады. Содан кейін отандық вакцина жаппай пайдалануға жіберіледі.

Бөлісу:
QazVac вакцинасы бірегей құрылғыда өндіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар