Әлем
1 мин оқу 295

Facebook қолданушыларының жеке дерегі тарады

<p style="text-align: justify;">533 миллион Face&shy;book қолдану&shy;шы&shy;&shy;сы&shy;ның телефон нө&shy;&shy;мірі мен жеке де&shy;рек&shy;тері ин&shy;тер&shy;нетте таралып кетті.</p>

Ке­зек­ті шағын хакерлер форумдарының бірін­де қатысушылардың бірі әлеуметтік желі қолданушылары жайлы құпия ақпаратты интернетте жариялаған. Ашық деректерге 106 елден 533 миллионнан астам адамның мәліметі тараған. Олардың ішінде АҚШ-тан 32 миллион, Ұлыбританиядан 11 миллион, Үндістаннан 6 миллион қолданушы жайлы ақпарат бар. Онда әлеуметтік желіге тіркелген азаматтардың телефон нөмірлері, Facebook идентификаторлары, толық аты-жөні, тұрып жатқан жері, туған күні, өмірбаяны және кейбір жағдайларда электронды пошта мекенжайлары бар.

Insider интернетте тараған деректердің үлгісін қарап шығып, Facebook-тің кейбір пайдаланушыларының телефон нөмірлерін деректер жинағында көрсетілген идентификаторлармен сәй­кес­тендіру арқылы бірнеше жазбаны тексеріп көрген.

Facebook өкілі басылымға деректердің ұрлануына компанияның 2019 жылы енгізген түзетулерінің әлсіздігі себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Интернетте кез келген адамға қолжетімді бұл ақпа­рат киберқылмыскерлердің қолына түс­се, қолданушыларды алдап соғуы әбден мүмкін.

Бөлісу:
Facebook қолданушыларының жеке дерегі тарады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар