Әлем
1 мин оқу 132

Өрт кезінде жүрекке күрделі ота жасалды

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Бла&shy;го&shy;ве&shy;щен&shy;ск қала&shy;сында Амур м&shy;е&shy;&shy;дициналық ака&shy;деми&shy;я&shy;сы&shy;ның кар&shy;дио&shy;&shy;хирургиялық орталығында өрт кезінде дәрігерлер науқасқа ота жасап шыққан.</p>

Опера­ция­дан кейін науқасты Амур облыстық клиникалық ауруханасына жеткізген. Амур мемле­кет­тік медицина академиясы өрт кезінде жүрек орталығында үш операция, соның ішінде коронарлық артерияны айналып өту отасы жасалғанын хабарлайды. Өрт сөндірушілер ғима­рат­тағы жалынды сөндіру кезінде су операциялық бөлмелерге кірмейтіндей жұ­мыс істеген. Нәтижесінде, ота сәтті аяқ­талған.

Дәрігерлер өрт туралы естігенімен, аса сенбегендерін айтқан. Себебі опе­ра­циялық бөлме төбесі жанып жат­қан ғимараттың бірінші қабатында ор­на­ласқан. Ол жарық мүлдем өшіп қалса, науқастың тірі қалуы екіталай еді дейді. Құт­қарушылар қосқан ар­найы ге­не­ра­тор­дың көмегімен ота тоқ­та­тыл­май, соңына дейін жасалған.

Бөлісу:
Өрт кезінде жүрекке күрделі ота жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар