Спорт
1 мин оқу 330

Таеквондошылар Алматыда оқу-жаттығу жиынына кірісті

<p style="text-align: justify;">Таеквондодан Қазақстан құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматы қаласында «Дзюдо академиясында» өтіп жатқан жаттығу жиынына қатысуға барлығы 20 спортшы шақырту алған. 

Атап айтқанда, Самат Темірхан, Ысқақ Елдос, Әділет Базарбаев, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Ерасыл Қайырбек, Абдусамат Лес, Шыңғыс Сәндібеков, Диас Құрманғазы, Рахым Әділханов, Алмат Қожахмет, Смайыл Дүйсебай, Бауыржан Хасенов, Руслан Жапаров, Әсел Усманова, Ботагөз Қапанова, Фариза Алдоңғарова, Нұрай Хусайнова, Ақсәуле Ерқасымова және Жансель Денис қатысып жатыр. 

Айта кетерлігі, таеквондошылар 16 сәуірге дейін шеберліктерін шыңдайды. 

Бөлісу:
Таеквондошылар Алматыда оқу-жаттығу жиынына кірісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар