Аймақтар
1 мин оқу 113

Батыс Қазақстанда 430 адамнан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстанда санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның тең жартысына жуығы немесе 208-і Орал қаласында тіркелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сондай-ақ індет Бөрлі (74) және Бәйтерек (62) аудандарында өршіп кетіп отыр. Төрт күнде Теректіде 23, Сырым мен Қазталовта 13, Тасқалада 9 адамның ауырғаны тіркелді. Департамент мәліметіне қарағанда, 430 адамның 357-сінде ауру белгілері болса, 173-інде симптомсыз өтіп жатыр. ЖРВИ белгілері бойынша 202 адамнан тексерілген кезде анықталса, 149 адам бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған.

Оған қоса, профилактикалық мақсатта қаралған 72, стационарға жатқызу алдында сынама алынған 7 адамнан коронавирус табылды. Індет басталғаннан бері өңірде 15576 адам сырқаттанса, оның 12516-сы жазылып шықты. 246 адам көз жұмды.

Бөлісу:
Батыс Қазақстанда 430 адамнан коронавирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар