7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">7 сәуірде республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және республикамыздың орталығы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тұман түсіп, кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте көктайғақ болады деп болжанады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
БҚО, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м / с күшеюі ықтимал.
Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Қостанай облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м / с құрайды.
Ақтөбеде, түнде Атырау облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м / с-қа күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады деп болжанды.