Президент
1 мин оқу 4,850

Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған &laquo;Спутник-V&raquo; вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды.

Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын», деді Берік Уәли.

Бөлісу:
Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар