Президент
1 мин оқу 1,460

Президент дәрігерлерге ризашылығын білдірді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге&nbsp;ризашылығын білдірді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, к/вирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр.

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», деп жазды Қ. Тоқаев.

Бөлісу: