Президент
1 мин оқу 196

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы елордаға сапармен келген Иран дипломатына ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы байланыстардың достық сипатын атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

– Иран – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктестерінің бірі. Заман қалай құбылса да, елдеріміз арасындағы жақсы қарым-қатынастар үзілген жоқ. Халықаралық ахуал өзара ынтымақтастығымыздың дамуына әсер етпеді. Біз бұл жағдайды жоғары бағалаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Иран Президенті Хасан Руханиға жүрекжарды сәлемімді жолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 1

Өз кезегінде Мохаммад Джавад Зариф Қазақстан Президентінің қонақжайлық танытқанына алғыс айтып, Нұр-Сұлтан қаласына тағы да келуге қуанышты екенін атап өтті.

Сыртқы істер министрі Иран Президенті Хасан Руханидің сәлемі мен Наурыз мерекесіне байланысты құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Хасан Руханидің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Иранға ресми сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

– Біз Сіздің еліңізбен арадағы ынтымақтастықтың дамуына зор мән береміз. Қазақстан өңірдегі жақын көршілеріміздің әрі достас мемлекеттеріміздің бірі, – деді Мохаммад Джавад Зариф.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар