Елорда
1 мин оқу 150

Елордада жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда мемлекеттік жалған нөмірмен жүрген Toyota көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Кешкі сағат 20.00 шамасында Тәуелсіздік көшесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін тоқтатып, сол арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 595-бабының талаптарын бұзғанын анықтады», дейді елордалық ПД.

Баспасөз хабарламасында жазылғандай, құжаттарды тексеру барысында қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін қойғанын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 4-бөлігі бойынша біле тұра жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

«Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Көлік коммуналдық тұраққа орнатылды. Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Елордада жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар