Тағайындау
1 мин оқу 792

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ҰӘҚ&raquo; АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы &laquo;Самұрық-Энерго&raquo; АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.</p>

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын  ұжымға  бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті, Маңғыстау және Қарағанды ​​облыстарындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Департаментының директоры болып жұмыс істеді.

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және «Болашақ» институтын бітірген.

Бөлісу:
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар