Үкімет
2 мин оқу 230

Екпе даярлауда ғалымдардың еңбегі ерен

<p style="text-align: justify;">Мұғалімдерге вакцина салдыруды міндеттемейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Мұғалімдер арасында екпе алуды міндеттемесе де салдырғандар бар екен.</p>

Екпе даярлауда ғалымдардың еңбегі ерен

«Денсаулық сақтау министр­лігінің дерегіне сүйенсек, осыған дейін вакцина салдырған қазақ­стан­дықтардың 17 пайызы мұғалімдер екен. Осыдан-ақ олардың екпе алуға деген белсенділігін көруі­мізге болады. Дегенмен вакциналау барлық азаматқа, соның ішінде мұ­ғалімдерге де ерікті түрде жүргі­зіледі. Оған ешкім мәжбүрле­мейді. Бірақ мен министр ретінде әріп­тестерімді, педагог қауымды екпе алуға, ғылымға сенуге шақыра­мын. Өйткені бұл – ең алдымен мұға­лімдердің, содан соң оқушылардың, ұжымның, түптеп келгенде қоғам­ның қауіпсіздігі. Мен де ғылымға сенемін, бұл – ғылымның үлкен жетістігі. Сондықтан өзім де алғаш­қы­лардың бірі болып вакцина салдырдым», деді А.Аймағамбетов.

Ведомство басшысы брифинг барысында оқушылардың мектепке қашан оралуы мүмкін екенін де жеткізді.

«Балалардың мектепке оралуы вакциналау мен карантиндік шектеулердің сақталуына байла­ныс­ты. Пандемияға қатысты жағдай жақсарған кезде және ел өңірлері КВИ-дің таралу деңгейі бойынша «сары», содан кейін «жасыл ай­мақтарға» өткенде. Әдетте, «жасыл аймақтағы» өңірлерде бала­лардың барлығы дерлік мек­тепте білім алуға құқылы. Бар­лығын өзіміздің әрекетіміз шешеді. Себебі бұл – бәрімізге ортақ мәселе. Егер барлық адам санитарлық дәрі­герлердің талаптары мен ұсы­ныс­тарын орындаса, балалар мектепке тезірек оралады», деді министр.

Бұдан бөлек, А.Аймағамбетов отандық вакцинаның әзірлену барысына да тоқталды.

«Біздің ғалымдар коронавирустың «британдық», «оңтүс­тік­африкалық» штамдары бойын­ша зерттеу жүргізіп жатыр. Шын мәнінде олардың еңбегі өл­шеусіз, қазіргі таңда күні-түні тын­бай жұмыс істеуде. Отандық вак­цинаға келсек, көп қазақстандықтың асыға күтіп отырғанын білеміз. Дегенмен сәл сабырлық танытып, ғалымдарымызға қолдау көрсетейік. Өйткені қазір тиісті стандарт­тар бойынша жұмыстар атқа­рылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проб­лемалары ғылыми-зерттеу инс­титуты әзірлеген вакцинаға қатысты барлық рәсім бекітілген кесте­ге сәйкес жүр­гізіліп отыр. Бұл рет­те ешқандай проб­лема жоқ. Біздің әріптестер 50 мың доза бо­йын­ша қажетті жұмыстар жүргізді. Хат­тама бойынша үнемі хи­миялық талдау мен биологиялық қа­дағалау жасалады. Қазір биоло­гиялық қада­ғалауды аяқтап жатыр. Кес­теге сәйкес, биылғы сәуір айының соңы­на қарай, 20-сынан кейін құжат­­тарды Денсаулық сақтау министр­­лігіне тапсырамыз. Олар нәтиже­лерге талдау жасай отырып, тиісті шешім қабылдайды», деді
ведомство басшысы.

Бөлісу:
Екпе даярлауда ғалымдардың еңбегі ерен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар