Президент
1 мин оқу 460

Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында еліміздегі республикалық және жергілікті жолдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», деді Президент.

Сондай-ақ Президент Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды.

Бөлісу:
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар