Аймақтар
1 мин оқу 361

ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды

Бүгін Новопокровка ауылында қарғын су үйлердің аулаларына жайылған. Су деңгейі 10-30 сантиметрге дейінгі аралықты құрайды. Қазіргі уақытта он үйдің тұрғындары эвакуацияланып, туған-туыстарына жеткізілді. Содай-ақ, мектеп және әкімдік ғимараттарында эвакуациялық пункттер дайындалды.

Бородулиха ауданындағы төтенше жағдайға жеке құрамнан 83 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан,№68303 әскери бөлімнен 19 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жеткізілді, 400 дана қаптар төселді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Бөлісу:
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар