Оқиға
1 мин оқу 352

Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы қамауға алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«2021 жылдың 11 ақпаны күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Жоғарғы соттың Ішкі қуіпсіздік бөлімінің бірлескен шараларының нәтижесінде Жоғарғы сот судьясы Ж. пара алды деген күдікпен ұсталды. 2021 жылдың 9 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты оған қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», деп мәлім етті елорданың ауданаралық тергеу соты Facebook-тегі парақшасында.

Бөлісу: