Қоғам
1 мин оқу 244
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Еріктілер лигасы шағын гранттар конкурсын жариялады, онда 5 жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды қорғау бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Әр жобаның құны – 500 мың теңге. Бұл туралы жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасының таныстырылымы барысында белгілі болды.
Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Байқау туралы толық ақпарат лиганың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық алаңдарында жарияланды. 2 жоба одан әрі бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде.
Бөлісу: