Аймақтар
1 мин оқу 303

Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында 19 жастағы жігіт сауда үйінің 3-қабатынан секіріп мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

9 сәуірде Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарласып, облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіттің көз жұмғанын айтқан. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмған.

«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы көз жұмған ер адамның 19 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол сәуірдің 9-да кешкі сағат 18:40 шамасында сауда үйінің 3-қабатынан секіріп суицид жасаған», деді баспасөз өкілі.

Бөлісу: