Қоғам
1 мин оқу 211

Қазақстанға ұшып келген 28 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ

<p style="text-align: justify;">10 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 35 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитетінен хабарлағандай, бір тәулікте елге 5287 жолаушы ұшып келген. Оның 5259-ында індетке ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 28 адамның ПТР-анықтамасы жоқ.

Атап айтқанда, Алматы қаласының әуежайына ұшып келді – 18 рейс, 2 934 жолаушы, анықтамамен - 2924, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 831 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 13;

Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 737 жолаушы анықтамамен келген; -

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 361 жолаушы, анықтамамен - 359, анықтамасыз - 2;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы, анықтамамен - 145, анықтамасыз - 3.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр», деді комитеттен.

Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 9 сәуірде шетелден анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 16 азаматының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған жолаушылардың ешқайсысында коронавирус анықталған жоқ.

Бөлісу:
Қазақстанға ұшып келген 28 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар