Аймақтар
1 мин оқу 650

Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?

<p style="text-align: justify;">Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері сағат 13:00 шамасында мақтааралдық тұрғынның үйінде құдалық тойын өткізіп жатқанын анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тойға 70-ке жуық адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты.

Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу: