Аймақтар
1 мин оқу 115

Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында контрафактілі алькогольдің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді

Тексеріс барысында полиция қаладағы ЖШС-тің бірінің қосалқы бөлмесінен бес литрлік 226 пластикалық бөтелкелерге құйылған градусы жоғары спирттік ішімдіктер мен 1,5 литрлік мыңнан артық бөтелкелердегі сыра, сондай-ақ 653 блок контрафактілі темекі алынды.

«Лицензиялау рәсімінен өткізілмеген бұл өнімдер тұтынушылардың денсаулықтарына және өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай өнімдердің сапасы үшін ешкім жауап бермейді. Заңсыз және сапасы күмәнді алкогольге қарсы күрес, алғашқы кезекте, халықтың денсаулығына келетін қауіптен қорғауға бағытталған», деді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары, подполковник Әлібек Ғабдуллин.

Бөлісу:
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар