Аймақтар
1 мин оқу 506
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жекеменшік үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылында үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.
«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу: