Қоғам
2 мин оқу 524

Nur Otan-ның бақылау комитеті жаңа құраммен толықты

<p style="text-align: justify;">Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу &laquo;Nur Otan&raquo; партиясының бақылауына алынады. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды. Жиында жаңа құрам бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірлердегі партиялық бақылау комитеті мен комиссияларының бірінші кезектегі міндеті – электоралдық міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ өзекті бағыттардың қатарында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу сияқты тағы да басқа мәселелер бар.

Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің де жұмыс кестесі мен жаңа құрамы бірінші отырыста бекітілді.

«Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру мен пара алу ғана емес. Өз міндеттеріне немқұрайлы қарау және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау да соның көрінісі. Онымен барлық шараларды қолдана отырып күресуіміз қажет», деді Ерлан Саиров.

5

Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында билеуші партияның өзінің сайлауалды уәделерін іске асыруды қалай қамтамасыз етуге ниетті екенін айтқан болатын.

Оның айтуынша, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, сондай-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалады.

Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Осындай кеңестер өңірлік деңгейде де құрылады.

Кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ел көлемінде азаматтардан түскен өтініштерге жасалған талдауға негізделе отырып, жария түрде жүргізіледі.

з

Сонымен қатар Бауыржан Байбек «Nur Otan» кеңестерінің алдында сарапшылар қауымдастығын өткір әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларды қолдау міндеті тұрғанын атап өтті.

Бөлісу: