Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
<p style="text-align: justify;">ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
ІІМ өкілінің дерегінше, апта ішінде орын алған 3 295 қылмыстың 2 144-і тәулік ішінде ашылған.
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 15 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 480 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді ол ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.
Сонымен қатар ол өткен аптада ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Сенатта Қырғызстанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын ұсынғанын айтты.
Министрлік дерегінше, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстанның 281 мыңнан астам азаматы келген. Көрші елге 175 мың қазақстандық барған.