Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды

Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Шаңырақ» атты тұңғыш өнер орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті өнерпаздардың айтуынша, аталмыш орталық Қостанай ауданындағы қазақ дәстүрлі өнерінің даму белесіндегі айтулы оқиғалардың бірі болып табылады.
Ұлттық орталықтың тұсаукесер рәсіміне облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, аудан әкімінің орынбасары Ибрахим Бекмұхаметов, өңірде дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген әнші-жыршы, термеші, күйшілер мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
«Шаңырақ» ұлттық өнер орталығының алға қойып отырған мақсаттарының бірі - күй өнерін дамыту, облыстағы кәсіби күйшілерді тарта отырып, талапты балаларға, әуесқой домбырашыларға арналған шеберлік сыныптарын, үйірме жұмыстарын жандандыру болып табылады. Салтанатты рәсімде белгілі болған тағы бір сүйінші жаңалық, таяуда ғана республикалық Күйшілер одағының Қостанай облыстық филиалы құрылыпты. Одақ филиалының тізгінін ұстаған өңірге белгілі күйші Батырбек Байназаровжиналған көпшілікке облыстық күйшілер одағы алдағы уақытта жаңа тұсауы кесілген ұлттық өнер орталығының қабырғасында жұмыс істейтінін жеткізді.
Тобыл қаласы облыс орталығына тиіп тұр, оның үстіне мұнда ұлттық саз аспаптары ансамблі, қазақ ұлттық оркестрі бар. Дәстүрлі өнерді өміріне азық еткен өнерпаздар да осы ауданнан жиі шығады. Сондықтан ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге жол ашатын тұңғыш орталықтың да осыҚостанай ауданында ашылуы заңды сияқты.
Салтанатты шара соңында «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығының мамандары жиналғандарды «Тұлғалар тұғыры» атты қанатқақты жобамен таныстырды. Жобаның мақсаты – аудан тұрғындарына өңірде ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.