Әлем
1 мин оқу 170

Коронавирус бәсеңдер емес

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен брифингте 220 мемлекеттің 194-інде коронавирусқа қарсы вакциналау басталғанын мәлімдеді. &laquo;Алайда 26 ел әлі бастаған жоқ&raquo;, деді ол.</p>

Коронавирус бәсеңдер емес

ДДҰ басшысының айтуынша, 26 елдің жетеуі екпе науқанын бастауы мүмкін. Тағы бес ел жақын арада вакцина алуы тиіс. Қалған 14 ел иммундау жұмыс­тарын түрлі себептерге байланысты бастама­ған. Әйтсе де бірқатар мемлекет алдағы уақытта вакциналауды бастауды жоспарлап отыр.

Джонс Хопкинс университетінің дере­гіне сүйенсек, әлемде коронавируспен 132,5 млн адам ауырған, 2,8 млн адам қайтыс болды. Қазіргі кезде әлем бойын­ша ең ауыр эпидемиялық ахуал Бразилияда байқалады. Онда бір тәу­лікте 4 мыңнан аса адам қайтыс болды. Елдегі Covid-19 құрбандарының саны 337 мыңға жетіп, Бразилия әлемде өлім саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Ушыққан жағдайға қарамастан, Бразилия президенті Жаир Болсонару локдаун мен вирустың таралуын тежейтін кез келген шараның енгізілуіне қарсы шығып отыр.

Бөлісу:
Коронавирус бәсеңдер емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар