Теннис
1 мин оқу 102

ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды

<p style="text-align: justify;">Теннисшілердің әлемдік рейтингі қай&shy;та жаңартылды. Қазіргі кезде әйел&shy;&shy;дер арасында Қазақстанның екі өкілі ТОП-30, ерлер арасында бір спорт&shy;шымыз әлемдегі ең үздік 50 тен&shy;нис&shy;шінің қатарына еніп отыр.</p>

ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды

WTA тізімінде ең үздік көрсеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. Ол өзінің 23-орнын сақтап қалды. Ал күні кеше АҚШ-тың Чарльстон қаласында өз мәресіне жеткен Volvo Cars Open турнирінде табысты өнер көрсеткен Юлия Путинцева рейтингте 31-орыннан 30-сатыға жоғарылады. Осы­лайша араға үш жыл салып ол үздік 30 тен­нисшінің қатарына қосылды. 2017 жылдың ақпан айында Путинцева әлемдік рейтингте 27-орынға дейін көтерілген еді. Өкінішке қарай, Зарина Диас әлемдік рейтингте екі орын төмен сырғып, 90-сатыға жайғасты.

Ерлер арасындағы рейтингте отандас­тарымыз арасында ең үздік нәтижеге Алек­сандр Бублик қол жеткізіп отыр. Ол АТР рейтингінде 42-орынды еншілеуде. Қалған теннисшілеріміздің нәтижесі көңіл көншітпейді.

Бөлісу:
ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар