Қоғам
1 мин оқу 664

Нығматулин: Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды &nbsp;құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы - кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын,»  деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі.

Бөлісу: