Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды
<p style="text-align: justify;">Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілі Алматы облысында туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
10-11 сәуір күндері аймақ тұрғындары мен қонақтарының бір бөлігі Түрген шатқалына, ал бір бөлігі Есік көліне барғысы келген. Алайда ұлттық парк аумағында тауға қарай 5 шақырым ғана жүре алған. Себебі әрі қарай қорық қызметкерлері жолды жауып тастаған.
«Олар бұдан әрі қозғалуға болмайтынын, өйткені таудан тастар құлап, жолды жауып қалғанын айтты», деді туристердің бірі.
Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілдері бұған дейін өңірде нөсер жаңбыр жауғанын, нәтижесінде жолға тастар құлағанын айтты.
«Түрген шатқалының 20-шақырымында да жағдай осындай: жол төсемі бұзылып, қоршауы сынған. Жол учаскесі «Жол-құрылыс басқармасы 13» балансында. Бірақ қазіргі уақытта олардың тарапынан ешқандай тазарту шаралары жүргізілмеді», деді қорықтың баспасөз қызметіндегілер.