Қазақстан
1 мин оқу 840

Мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

<p style="text-align: justify;">Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында биыл мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2020 жылы Қазақстан заңнамасын орындауға қатысты жоспардан 34 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың 17 лауазымды тұлғасы, сондай-ақ 6 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Р. Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Р. Әбдіқалықовтың айтуынша, жыл басынан бері 11 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

«Осы орайда мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді комитет басшысы.

Бөлісу:
Мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар