Экология
1 мин оқу 381

Балықтар жаппай қырылды

<p style="text-align: justify;">Таяуда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция&shy;сына Ақтөбе өңіріндегі Жарсай ауылының Кузьмин тоғанында балықтардың жаппай қырылғаны туралы хабарлама түскен еді.</p>

Балықтар жаппай қырылды

Бұл хабарлама түскен бойда инспекция мамандары Вете­ринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облысындағы аумақтық инспекциясы және облыстық табиғи ресурстар басқармасымен бірлесіп, аталған су айдынына тексеру жүргізді.

Жиналған өлі балықтардың саны 4 тоннаны құрады. Оны жою бойынша тиісті жұмыс­тар ұйымдастырылып, зертха­налық зерттеу жүргізуге су мен балықтан сынама алынды. Ал­дын ала жасалған болжамға сәйкес, балықтардың қырылуына су деңгейінің жеткіліксіздігі (1,0-1,5 м) салдарынан судағы оттегінің тапшылығы себеп болуы мүмкін. Нақты себебі тиісті зерт­ханалық зерттеу жүргізіл­ген­нен кейін қосымша хабарланады.

Кузьмин тоғаны Ақтөбе қаласынан 140 шақырым қашық­тықта Қобда ауданының Жар­сай ауылдық округінде орналасқан. Тоғанның ауданы 3 гектарға жуық. Нысан балық шаруа­шы­лығы су айдындарының тізіміне енбеген. Тоған малды суаруға арнал­ғандықтан су қоймасының жанында өндірістік нысандар жоқ.

Бөлісу:
Балықтар жаппай қырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар