Спорт
1 мин оқу 452

Жаманқұлов мансабын аяқтады

<p style="text-align: justify;">Қазақ футзалының аңызына айналған Серік Жаманқұлов өткен аптада 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Израиль құрамасымен кездесуде ұлттық құрама жейдесінде соңғы ойынын өткізді.</p>

Жаманқұлов мансабын аяқтады

Жамбыл футбол мектебінің түлегі ең алғаш «Аңсар» клубында доп теуіп, кәсіби түрде футзалмен айналыса бастады. Араға жылдар салып, яғни 2009 жылы Алматының «Қайратына» ауысып, 2019 жыл­дың соңында клубтағы мансабын аяқтады. Осы он жылдың ішінде Жаманқұлов «Қай­ратпен» бірге Қазақстанның он дүркін чемпионы атанып, екі мәрте УЕФА Кубогын иеленді.

 Ұлттық құрама сапында 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чем­пио­натының қола жүлдесіне қол жет­кізді. Қарт құрлық біріншілігіндегі бес ойында (Ресей, Хорватия – 2 гол, Италия, Испания және Сербия) алты гол соғып, турнирдің үздік сұрмер­ген­дерінің бірі болды. Серік Жаманқұлов ұлттық құрама жейдесімен жал­пы саны 58 ойында алаңға шығып, 22 мәрте гол соқты.

Бөлісу:
Жаманқұлов мансабын аяқтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар