Өзбекстан президенті мен Пәкістан премьер-министрінің онлайн-саммиті өтті
<p style="text-align: justify;">Бүгін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев пен Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Имран Хан бейнеконференция режимінде саммит өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://president.uz/ru/lists/view/4284">Өзбекстан президенті</a>нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Онлайн жиын барысында Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы серіктестік пен практикалық өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі негізгі міндеттер егжей-тегжейлі қарастырылып, бірінші кезектегі шаралар айқындалды.
Тараптар Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.