Аймақтар
1 мин оқу 305

Алматы облысында «Үміт бесігі» жобасы жүзеге асырыла бастады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы облысы Қарасай ауданындағы көпсалалы ауруханасында &laquo;Үміт бесігі&raquo; әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады. Енді онда орнатылған байланыс орталығына қиын жағдайға душар болған болашақ аналар хабарласып, мамандардың кеңесіне жүгіне алады, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space">&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</span>24.kz сайтына сілтеме жасап.</span></p>

Жобаны ұйымдастырушылар қыз-келіншектерге психологиялық және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тастанды балалар санын азайтуды көздейді. Орталыққа хабарласқандардың аты-жөні жарияланбайды. Мұндай байланыс орталығы былтыр Еңбекшіқазақ ауданындағы ауруханада ашылған еді.  

- Ауруханамыз осы жобаны қолдайды. Сәбилер далада қалмасын деп, жақсы ем қабылдасын деп ұйымдастырылып жатыр. Көшеде тастанды болғаннан біздің қолымызға түссе, өмірін сақтап қалуға тырысамыз, - деді ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары Рифат Әбіров.

Бөлісу:
Алматы облысында «Үміт бесігі» жобасы жүзеге асырыла бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар