Бокс
1 мин оқу 160

Жарысты жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Польшаның Кельце қала&shy;сында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс&shy;тың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Ерболат Сабыр біріншілікті сәтті бастады.</p>

Жарысты жеңіспен бастады

56 килоға дейінгі салмақта жұдырық­тасатын қандасымыз алғашқы айналымда мажарстандық боксшы Герго Жаразбен қолғап түйістіріп, 5:0 (30:25, 30:25, 30:24, 30:27, 30:25) есебімен жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, Е.Сабыр қарсыласын бірінші және үшінші раундтарда нокдаунға жіберді. Енді жерлесіміз 1/8 финалда латвиялық бокс­шы Матвей Прокудинмен шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Польшадағы бокстан жас­тар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан 20 боксшы (10 ер, 10 қыз) өнер көрсетуде. Жаһан біріншілігі 23 сәуірде өз мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Жарысты жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар