Күрес
1 мин оқу 220

Балуанның алғашқы алтыны

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен қан&shy;дасымыз Сұлтан Әсетұлы тұғыр&shy;дың ең биік сатысынан көрінді.</p>

Балуанның алғашқы алтыны

Былтыр ғана жастар құрамасынан ере­сектер сапына ауысып, сол жылғы ел чем­пионатында 63 кило салмақта топ жарған 19 жастағы С.Әсетұлы құрлық бірін­шілі­гінде де қарсылас шыдатқан жоқ. Іріктеу кезең­дерінде тайпейлік Чжу Чи Хуан мен сириялық Мұхаммед Фуазды еш қиын­дықсыз жеңген жерлесіміз финалда был­тырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері ирандық Мейсам Далханиге тап келді.

Тәжірибелі балуан Далхани ә деген­нен-ақ үш ұпай олжалап, есепте алға шық­қанымен, Әсетұлы артынша тік тұрып әдіс жасап, таразы басын өзіне аударды – 4:3. Екінші кезеңнің бел ортасына келгенде қандасымыз қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл – Сұлтан Әсетұлының ересектер арасындағы халықаралық деңгейдегі алғашқы алтын медалі. Бұған дейін ол нау­рыз айында Италияда өткен рейтингтік турнирде финалға дейін жетіп, күміс жүлде еншілеген болатын.

Бөлісу:
Балуанның алғашқы алтыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар